ХВҚ Грекияға 3,24 млрд еуро көлемінде кредиттік транш бөлді

Фотография - ХВҚ Грекияға 3,24 млрд еуро көлемінде кредиттік транш бөлді

 Бұл жолы бөлінген қаржыны қоса есептегенде ХВҚ Грекияға бөлген қаржысы 4,86 млрд еуроға (6,46 млрд доллар) жеткен

172 0

Халықаралық валюта қоры Грекияға 3,24 млрд еуро (4,3 млрд доллар шамасында) көлемінде кредиттік транш бөлді. Халықаралық қауымдастықтың кредиттік қолдауымен жүзеге асырылып жатқан дағдарысқа қарсы экономикалық бағдарламаның бірінші және екінші бағыттарының қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданған.

Қордың баспасөз хабарламасына қарағанда, бірқатар жағдайларға қарамастан осылай деп шешкен, деп жазады ИТАР-ТАСС. Қор Грекияның ынтымақтастық жөніндегі бағдарламада көрсетілген міндеттерді толық орындамағанына қарамастан, экономикалық көрсеткіштерді қайта қарапты. Бұл жолы бөлінген қаржыны қоса есептегенде ХВҚ Грекияға бөлген қаржысы 4,86 млрд еуроға (6,46 млрд доллар) жеткен.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!