Орал экономикасына бір жылда 31 млрд теңгеден астам қаржы салынды

Фотография - Орал экономикасына бір жылда 31 млрд теңгеден астам қаржы салынды

деп хабарлайды Орал әкімі Болат Шәкімов

136 0

2012 жылы Батыс Қазақстан облысы орталығының экономикасына 31 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, деп хабарлайды Орал әкімі Болат Шәкімов.

Қала басшысының хабарлауынша, Орал экономикасына 8,6 млрд теңге бюджет қаражаты салынған. Тағы 20,6 млрд жеке және 2,4 мрд теңге шетелдік инвестиция тартылыпты.

«Республика бюджеті есебінен 5 шағынауданда 1200 орынға арналған мектептің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Зияткерлік мектебінің құрылысы аяқталды. Еуразия даңғылының КНС-3-тен Чагано-Набережная көшесіне дейінгі телімінде өздігінен ағатын кәріздік коллекторды қайта құрылымдау жұмыстары аяқталды», - деп хабарлады Орал әкімі Болат Шәкімов.

Әкімнің мәліметіне қарағанда, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жобалық құны 428 млн теңгеге 5-ші көше қайта құрылымдаудан өткізілген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!