2012 жылы Атырау облысының сыртқы тауар айналымы 30 млрд долларды құрады

Фотография - 2012 жылы Атырау облысының сыртқы тауар айналымы 30 млрд долларды құрады

 деп хабарлайды облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі

162 0

2012 жылы Атырау облысында сыртқы тауар айналымы 29 млрд 915 млн долларды құрады, деп хабарлайды облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

«2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Атырау облысында сыртқы тауар айналымы 29 млрд 915 млн АҚШ доллары немесе 2011 жылға қарағанда 103% құрады. Сыртқы сауда тауар айналымының жалпы көлемінде 94,2%, импорттың үлесі 5,8% құраған.

Кедендік бақылау департаментінің мәліметіне қарағанда, 28 млрд 189 млн доллардың тауары рәсімделген. Тауарлардың көпшілігі Италия, Франция, Нидерланды, Канада, Израиль, Түркия, Украинаға экспортталған.

2012 жылы импорт айналымы 433 млн долларға артып, 1 млрд 726 млн долларды құрады. 2011 жылы бұл көрсеткіш 1293 млн долларға тең болған.

Атырау облысының ерекшелігіне сәйкес, мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құралдар, көлік құралдары, металл және металлдан жасалған бұйымдар, химия өнеркәсібі өнімдері, өнеркәсіптік тауарлар мен түрлі аппаратуралар импортталған.

Ал бізге көбінесе Украина, АҚШ, Ұлыбритания, Италия мен өзге де елдерден тауарлар жеткізілген.

 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!