Экономикалық даму бойынша Қазақстан Қытай мен Катардан кейін үшінші орында

Фотография - Экономикалық даму бойынша Қазақстан Қытай мен Катардан кейін үшінші орында

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялыр қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев журналистермен дәстүрлі брифинг өткізді.

149 0

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялыр қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев журналистермен дәстүрлі брифинг өткізді. Онда мемлекет өміріндегі өткен аптаның маңызды саяси-әлеуметтік оқиғаларына шолу жасалды.

Өткен жұмада Елбасы елімізде тіркелген дипломатиялық миссия өкілдерімен кездесті. Шетелдіктер алдында сөз сөйлеген ҚР Президенті 2012 жылдың Қазақстан үшін табысты болғанын айтты. Былтыр ел экономикасына 20 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылған. Бүкіләлемдік экономикалық форумда Қазақстан Қытай мен Катардан кейін экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет деп танылды. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі өзінің әлем алдындағы көшбасшылық орнын тағы бір мәрте айқындай түсті. Қазақ елі Лондон олимпиадасында бұрын-соңды қол жеткізбеген табысқа кенеліп, әлемнің үздік спорт державалары мемлекеттерінің қатарына көтерілді. «ЭКСПО-2017» көрмесін Қазақстан өткізу туралы шешім шығарылуы да еліміз үшін өте маңызды оқиғалар санатында. Сондай-ақ, өткен аптада ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында жаңадан Өңірлік даму министрлігі құрылып, оның құзырына Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі мен Жер ресурстары басқармасының функциясы қоса берілді. Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі қайта құрылымдалды. Бірқатар маңызды кадрлық өзгерістер орын алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!