Экономиканың дамуында барлық салада оң өзгерістер бар

Фотография - Экономиканың дамуында барлық салада оң өзгерістер бар

Алматы қаласы сауда көлемі бойынша республикада бірінші орында келе жатыр.

122 0

Алматы қаласы сауда көлемі бойынша республикада бірінші орында келе жатыр.

Бұл жайлы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Сардар Қабдолов бүгін  Алматы қаласының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысына арналған мәжілісте айтты.

«Өткен жылы  521,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға жоғары. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі өнім өндіру  3-4 пайызды құрады. Сыртқы экономикалық қызметте де оң өзгерістер бар. Тауар айналымы 11 айда 16,4 млрд. АҚШ долларына жетіп, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  16,9 пайызға артты», - дейді С. Қабдолов. Оның айтуынша, бөлшек тауар тұтыну 6,7 пайыз өсіп, 1 триллион 268 млрд. теңгені құрады. Көтерме тауар айналымы 16,7 пайыз өсіп, 5 триллион 214 млрд. теңге болды. Көлік саласында жүк айналымы 1,4 пайызға, жолаушылар тасымалдау 14,3 пайызға артты, бұл салалардың кірісі 10,9 пайызға көтеріліп,  358,6 млрд. теңге болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!