Былтыр шағын несиенің 90 пайызы мал шаруашылығын дамытуға берілген

Фотография - Былтыр шағын несиенің 90 пайызы мал шаруашылығын дамытуға берілген

Өткен жылы берілген шағын несиенің 90 пайыздан астамы мал шаруашылығына жұмсалды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының баспасөз қызметі таратып отыр

306 0

Өткен жылы берілген шағын несиенің 90 пайыздан астамы мал шаруашылығына жұмсалды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының баспасөз қызметі таратып отыр, деп хабарлады KazBIN.


«Бағдарламаны жүзеге асыру асыру барысында Шағын несиелендіру қоры ауыл тұрғындарына жалпы сомасы 17,9 млрд. теңгенің 66 662 шағын несиесін берді. Оның ішінде, өткен жылы жалпы сомасы 3,14 млрд теңгенің 3 732 шағын несиесі берілген», - делінген қордың хабарламасында.

Шағын несиелендіру аясында 71 695 адам жұмыспен қамтылды, 383 мың бас мал сатып алынды және 52 мың гектардан астам алқапқа егін егілді.

2012жылы берілген барлық шағын несиенің 90,7% -мал шаруашылығына жұмсалса, 2,3%, - егін шаруашылығына, 7% -қалған бизнес түрлеріне жұмсалды.

Жалпы, алғанда былтыр ауыл тұрғындарын және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдауға несиелендірудің түрлі бағдарламалары бойынша Қор 11,2 млрд. теңге жұмсады.

Айта кету керек, өңірлердің арасында Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары Қордың несиелік өнімдерін белсенді тұтынуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!