Халық арасында шетелдік валютаға сұраныс төмендеп келеді

Фотография - Халық арасында шетелдік валютаға сұраныс төмендеп келеді

Өкініштісі сол, керісінше, рубль валютасының саудасы бір жылда 28% артты.

102 0

2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы ақша айырбастау пунктері доллар сатылымы 8%, еуроны 4% қысқартқан. Өкініштісі сол, керісінше, рубль валютасының саудасы бір жылда 28% артты.

Рубль валютасына халық арасында сұраныс біртіндеп еуро деңгейін теңесіп келеді. Мәселен, 2012 жылдың қараша айында ақша айырбастау бөлімшелері 25 млрд. теңгеге еуро валютасын сатқан. Дегенмен, рубль, тіпті еуро да доллар валютасына бәсекелес бола алмайды. Өйткені, бір жылда 277 млрд. теңгеге доллар сатылған. Халықтың рубльге қызығушылығы, әсіресе, Ресей Федерациясына жақын аймақтарда көбірек байқалады. Шекара маңындағы аудандарда көрсеткіш анағұрлым жоғары, дейді мамандар. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында – 2,5 мың теңге, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында– 1,8 мың теңге. Ал Оңтүстік өңірде рубльге мүлде қызықпайды. Алматы облысында адам басына шаққандағы рубль сатылымы небарі 86 теңге болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!