АТФ банк ақпан айында сатылады

Фотография - АТФ банк ақпан айында сатылады

«АТФ банк ақпан айында сатылады» деген ақпар расталды

187 0

«АТФ банк ақпан айында сатылады» деген ақпар расталды. Экономикалық сарапшылар шынымен қаржы институты сатылатынын, тіпті осы нарықта жұмыс істеуге бекініп отырғандар оған қызығушылық танытқанына сендірді.


Естеріңізде болса, осыдан он күн бұрын шетелдің баспасөзі италиялық UniCredit SpA тобы 2007 жылы 2,1 миллиард еуроға иемденген құрылымды сататынын хабарлады. Юникредитгруптің жетекшісі Федерико Гиззони осыдан алты жыл бұрын: «АТФ банк сатылады», - деген. Тіпті, өткен жылдың желтоқсан айында қаржы институтын сатып алуға құлықтылармен келіссөздер де басталған.

Австрия газеттері шарттың жалпы құны 570 миллион доллар шамасында болу мүмкін деген сыбыс таратты. Қазақстандағы қаржы саласының тамырын басып отырғандар бұл мәліметті бүгін растады.

Елена Бахмутова, «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары: АТФ банкінің сатылуы – тек сыбыс емес, акционерлердің реми мәлімдемесі. Бас кеңседе туындаған қиындықтарға байланысты топ тиімсіз деп таныған активтерін сатпақ. Меніңше, Қазақстанда банк саласына қызығушылық танытып отырған жеке инвесторлар бар. АТФ-те, басқа да банктер де осы салада пайда табуды көздегендерді қызықтырады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!