Алматыда су бағасы көтеріледі

Фотография - Алматыда су бағасы көтеріледі

Енді су 3 сараланған тариф бойынша төленеді.

149 0

Алматы қаласының коммуналдық қызмет өкілдері 1 ақпаннан бастап сумен қамту және кәріз су қызметіне баға көтеріледі деп мәлімдеді. Енді су 3 сараланған тариф бойынша төленеді.

Суды тұтыну айына бір адамға есептегенде 1,7 текше метрден аспайтын болса, онда ол 25 теңгемен есептеледі. Ал 3,8 текше метрге дейін су пайдаланғандар 46 теңге, одан асырып пайдаланғандар судың әр текше метрі үшін 128 теңге төлейтін болады. Мамандардың айтуынша, қалада соңғы рет суық су бағасы 2008 жылы көтерілген. Сол кезден бастап қалада тұрғындар тіршілік нәрін үнемдей бастаған. Сонымен қатар , құбырлардың апатты жағдайы үштен екіге, судың ысырабы да осы көлемде қысқарған және үнемделген ақшаға 47 шақырым су құбыры ауыстырылып, 83 су сорғы агрегаттары жаңартылған. Мұнымен қоса, 16,8 шақырым кәріз желілері төселіп, 750 мың текше метр тұнбалар тазартудан өткен.

Жөндеу жұмыстарына дейін жылына 3000-дай апаттар болса, 2008 жылдан бері ол 2500-ге дейін қысқарды. Ең бастысы енгізілген тарифтер табиғи ресустарды сақтауға мүмкіндік берді. Біз 65 млн текше метр суды үнемдеп, жер қойнауынан алған жоқпыз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!