Былтыр азық-түлік бағасы 5,3 пайызға қымбаттадыБылтыр азық-түлік бағасы 5,3 пайызға қымбаттады

Фотография - Былтыр азық-түлік бағасы 5,3 пайызға қымбаттадыБылтыр азық-түлік бағасы 5,3 пайызға қымбаттады

Былтыр елімізде азық-түлік бағасы 5,3 пайызға қымбаттады.

132 0

Былтыр елімізде азық-түлік бағасы 5,3 пайызға қымбаттады. Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов осылай мәлім етті.

Депутаттардың сауалына жауап бере келе, агенттік төрағасы инфляцияға орай азық-түлік тұтыну тауарларының барлығының бағасы ескерілгенін жеткізді. «Өткен жылы азық-түлік тауарларының бағалары 5,3 пайызға қымбаттады. Атап айтқанда, қырыққабат, темекі өнімдері, шошқа еті, қой еті, жылқы еті, сиыр еті, ұн бағалары өсті. Дегенмен, кейбір өнімдердің бағасы арзандады. Мысалы, қарақұмық жармасы, тары, қызанақ, пияз, қияр, күнбағыс майы, арпа жармасы, ұнтақ жарма, қант», - деді статистика агенттігінің басшысы. Оның айтуынша, былтыр ақылы қызметтердің 9,3 пайызға қымбаттауы инфляцияға айтарлықтай үлес қосты. Соның нәтижесінде байланыс, жолаушы көлігі, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің бағасы едәуір қымбаттады. «Мысалы, ел аумағында ыстық су орта есеппен 10,8 пайызға, электр энергиясы 10 пайызға, орталықтандырылған жылыту 9,3 пайызға қымбаттаған. Бұл жалпы республика бойынша көрсеткіш, ал жекелеген аймақтар бойынша көрсеткіштердің кейде жоғары, кейде төмен екені түсінікті. Бұның бәрі монополияға қарсы агенттіктің тарифтерді көтеру бойынша шешім қабылдағанына байланысты. Осының бәрі автоматты түрде біздегі есептеу базасына түседі», - деп түсіндірді агенттік басшысы.


Тегтер:

азық түлік

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!