Ортақ зейнетақы қорын құрудың тиімді тұстары көп

Фотография - Ортақ зейнетақы қорын құрудың тиімді тұстары көп

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасы Григорий Марченко мәлімдеді

216 0

Ортақ зейнетақы қорын құрудың тиімді тұстары көп. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасы Григорий Марченко мәлімдеді.

«Экономика заңдылығына сәйкес кез-келген шешімнің оң және теріс тұстары болады. Зейнетақы қорларының бір-бірінен салымшыларды тартуы жалпы зейнетақы жүйесінің тиімділігін азайтады. Ал, ортақ зейнетақы қоры болса, салымшыларды «бөлісу» мәселесі болмайтыны түсінікті», - деді Г.Марченко.

Ұлттық банк төрағасы болашақта құрылатын зейнетақы қорын не ҚР Үкіметі, не б ҚР Ұлттық банкі басқару қажеттігін айтты. Оның пікірінше, мұндай шешім өзара байланысты тұлғалардың әрекетіне шек қояды.

«Біздің қаржы жүйесінде мынадай жағдай болған. Шағын зейнетақы қорлары өздерімен тығыз байланысты компаниялардың құнды қағаздарын алған. Салдарынан ол компаниялар банкротқа ұшырап, зейнетақы қорлары шығынға батқан. Соңынан белгілі болғанындай, ол компаниялардың басшысы зейнетақы қорларының акционерлерімен тығыз байланыста болған. Егер қорды басқару Үкіметтің қарауында болса, мұндай проблемалар болмас еді. Сондай-ақ, әкімшілік тұрғыдан да жүйе қарапайым және арзанға түсер еді», - деді Г.Марченко.

Алайда, Ұлттық банк төрағасы бұл бастаманың жағымсыз жақтары да аз болмайтынын жеткізді. Оның ойынша, салымшылар арасында таңдаудың болмайтыны, қорлар арасында бәсекенің жоқтығы жүйенің жұмысына жағымсыз әсер етпек. «Орта мерзімді жұмыс барысында ортақ қор құрудың жағымсыз жақтары басым болып шығуы әбден мүмкін. Барлық мәселе ортақ зейнетақы қорының болашақтағы ұзақ мерзімді перспективада жұмыс жасау тиімділігіне байланысты болмақ», - деп қорытындылады Ұлттық банк төрағасы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!