Иран 27 елге мұнай мен газ жіберуін тоқтатты

Фотография - Иран 27 елге мұнай мен газ жіберуін тоқтатты

Иран Еуроодаққа мүше 27 елге мұнай мен газ жіберуін тоқтатты.

133 0

Иран Еуроодаққа мүше 27 елге мұнай мен газ жіберуін тоқтатты. Бұл – Ислам республикасы Мұнай және газ Министрлігінің ресми өкілі Әли Никзад Рахбардың ресми мәлімдемесі.

«Батыстың Иранға қарсы озбырлық әрекетіне біз осылай жауап беруге мәжбүрміз», - деді ол. Бұдан бұрын көптеген батыс елдері және АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына бөгет жасаймыз, деп оған қарсы көптеген шектеулер мен санкциялар енгізген. Мұның барлығы ел экономикасының құлдырауына әкеп соқтырды.

Иран тарапы бұл шектеудің ұзаққа баратынын айтты. «Батыс пен АҚШ райынан қайтпаса, біз де осы позициямызда қаламыз», - деп бекініп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!