Ағымдағы жылы Петропавлдың әлеуметтік дамуына 12 млрд теңге бөлінді.

Фотография - Ағымдағы жылы Петропавлдың әлеуметтік дамуына 12 млрд теңге бөлінді.

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков журналистерге арналған брифингте өткен жылдың қорытындысын жасап, 2013 жылғы жоспармен таныстырды

171 0

Ағымдағы жылы Петропавлдың әлеуметтік дамуына 12 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков журналистерге арналған брифингте өткен жылдың қорытындысын жасап, 2013 жылғы жоспармен таныстырды.

Әсіресе, Болат Жұмабеков қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарының дамуының жоғары қарқынын атап өтті. «Бүгінгі таңда қалада 7 машина құрастыру кәсіпорны жұмыс істейді, олар 2012 жылы жоғары өнімділік көрсеткішін көрсетті. 2012 жылдың қорытындысы бойынша, машина құрастыру кәсіпорындарының тапсырыс портфелі 30 млрд теңгені құрады. Ал «Мұнаймаш» «Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жобаны сәтті іске асырды. Бұл бүкіл ТМД-да баламасы жоқ бірегей инновациялық жоба», - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Болат Жұмабеков мектепке дейінгі білім беру мекемелерін ашу, ТҮКШ саласын жетілдіру, халықты баспанамен қамту, спорт пен әлеуметтік саланы дамыту мәселелерін тілге тиек етті. Биылғы жылы 12 млрд теңгеге жуық қаржы Петропавл қаласының әлеуметтік дамуына бөлінді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!