2012 жылы 240,9 млрд теңге инвестиция тартылды

Фотография - 2012 жылы 240,9 млрд теңге инвестиция тартылды

Бұл туралы бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кеңейтілген алқа отырысы барысында агенттік төрағасы Мұрат Оспанов мәлімдеді

179 0

2012 жылы елімізге 240,9 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кеңейтілген алқа отырысы барысында агенттік төрағасы Мұрат Оспанов мәлімдеді.

«Біздің жұмысымыздың стратегиялық маңызға ие бағыттарының бірі жылу беру, су шаруашылығы мен электр желілері, жылу көздері активтерін жаңарту саласына тартылатын инвестиция көлемін арттыру болып табылады», - деді М.Оспанов.

Оның айтуынша, 2012 жылы бұл салаға құйылған инвестиция көлемі 68%-ға артқан.

«Инвестиция тартуда оң өзгеріс бар. 2012 жылдың қорытындысына сәйкес, инвестиция көлемі 240,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 68%-ға немесе 98 млрд теңгеге көп», - деп толықтырды ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!