Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптар бекiтілді

Фотография - Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптар бекiтілді

ҚР Үкіметі басшысының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №1552-ші қаулысымен Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптар бекiтілді

172 0

ҚР Үкіметі басшысының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №1552-ші қаулысымен Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптар бекiтілді.

* * *

Қазақстан республикасы Үкіметі қаулысы №1552

2012 жылғы 6 желтоқсан

Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарды бекiту туралы

«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптар бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012жылғы 6 желтоқсандағы №1552қаулысымен бекітілген

 

Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптар

1.Жалпы ережелер

1. Осы тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптар (бұдан әрі - міндетті талаптар) тауар биржалары пайдаланатын электрондық сауда жүйесіне талаптарды белгілейді.

2. Осы міндетті талаптар тауар биржаларының бағдарламалық және аппараттық қамтылымына, ақпараттық қауіпсіздікке,жабдықтарды орналастыруға қойылатын талаптарды, сондай-ақ тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында сақталуы қажет өзге ұйымдастырушылық-техникалық талаптарды қамтиды.

3. Тауар биржаларының осы міндетті талаптарға жауап бермейтін электрондық сауда жүйелерiн пайдалануына жол берілмейді.

4. Осы міндетті талаптарда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) бағдарламалық құрал (бұдан әрі - БҚ) - бағдарламалардан, рәсімдерден, ережелерден, деректерді өңдеу жүйесінің жұмыс істеуіне қатысты басқа ілеспелі құжаттамалар мен деректерден тұратын объекті;

2) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесi (бұдан әрі - ТБЭСЖ) - электрондық биржалық сауда-саттықты өткiзу үшін қажеттi және биржалық мәмiлелер мен клиринг жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесiн автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешенi;

3) сервер - желі ресурстарының нақты түрін басқаратын есептеу машинасы (жүйесі);

4) жұмыс стансасы (терминал) - тауар биржасының электрондық сауда жүйесiне қосылған биржа мүшесінде болатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымы бар компьютер.

2. Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне  қойылатын мiндеттi талаптар

5. ТБЭСЖ:

1) жергілікті есептеу желілер жағдайларында жұмыс істеуді;

2) корпоративті есептеу желілері жағдайларында жұмыс істеуді;

3) дерекқорлармен байланыс негізінде брокерлер, дилерлер және олардың клиенттері туралы ақпаратты ұйымдастыруды, сақтауды және көрсетуді;

4) дерекқорлармен байланыс негізінде өтінімдер, мәмілелер, сауда-саттық нәтижелері, хабарламалар бойынша ақпаратты сақтауды және көрсетуді;

5) дерекқорда ақпаратты сақтау мен көрсетуді;

6) қысқа нұсқаулықтармен, еске түсірулермен және түсіндірмелермен сүйемелденетін мәзір жүйесі арқылы бағдарламалық құралдар кешенінің жұмысын ұйымдастыруды;

7) нақты уақыт режимінде жүйенің қатысушылары арасында тұрақты ақпарат алмасуды (өзара орналасу орнынан тәуелсіз);

8) биржаның сауда залынан тыс жүйеде биржа мүшелерінің (брокерлер, дилерлер) жұмысын;

9) кез-келген жұмыс стансасынан (терминалдан) енгізілген ақпараттың, тауар биржасының электрондық сауда жүйесiне қосылған барлық қатысушыларға шұғыл жалпыға қолжетімді болуын қамтамасыз ететін технологияны;

10) жүйеде айналымдағы ақпаратты біріздендіруді биржалар алдын ала белгілеген ережелер бойынша қалыптастырылған жағдайда ғана ақпараттың жүйеге түсуін (қандай да бір жұмыс стансасынан енгізілген);

11) сатылатын жекелеген активтер (қаржы құралдары, тауарлар және т.б.) нарығының жағдайы, активтер тобы, айналым көлемі, сұраныс пен ұсыныс көлемі, баға белгілеулер, ашық мүдде көлемі (іске асырылмаған көлем), лоттар мөлшері, әр түрлі өлшемдер бойынша ақпарат іздеудің тез және оңай процестері бойынша қажетті талдау материалын іріктемені қалыптастыруды;

12) стандартты банкаралық алмасу хаттамаларының және биржалық ақпаратпен алмасу хаттамаларының көмегімен сыртқы жүйелермен ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

6. ТБЭСЖ құрамында мынадай оқиғалар мен деректер:

1) сауда-саттықтың ашылуы;

2) сауда-саттықтың жабылуы;

3) сауда-саттық қатысушысын сәйкестендіру;

4) сауда-саттық қатысушысының жүйеге кіру уақыты;

5) сауда-саттық қатысушысының жүйеден шығу уақыты;

6) сауда-саттық қатысушысының өтінімін ұсыну уақыты;

7) сауда-саттық қатысушысының өтінімін қайтарып алу уақыты;

8) сауда-саттық қатысушысының өтінімін өзгерту уақыты;

9) сауда-саттық қатысушысының мәміле жасау уақыты;

10) актив атауы;

11) өтінімдегі актив саны;

12) лот саны;

13) актив бағасы мазмұнын тіркейтін сауда-саттық сессиялары бойынша оқиғаларды есепке алудың автоматтандырылған есеп журналы (бұдан әрі - оқиғалар журналы) болуы тиіс.

Уақытты тіркеу форматы  - жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд (кемінде 0,1 секундқа дейінгі дәлдікпен).

7. ТБЭСЖ өткізілген биржалық сауда-саттық бойынша есептер деректерінің оқиғалар журналының мазмұнына катаң сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.

8. ТБЭСЖ оқиғалар журналында орындалатын операцияға автоматты түрде берілетін бірегей нөмірді жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.

9. ТБЭСЖ қол жеткізу шектелген ақпараттық ресурстарға жатады және жалпыға қолжетімді серверлерде орналастырылмайды.

10. ТБЭСЖ бағдарламалық қамтылымына мынадай талаптар қойылуы тиіс:

1) ТБЭСЖ БҚ лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып әзірленуі және қолданылуы тиіс;

2) ақпараттың толық немесе ішінара жоғалуының алдын алу және дерекқор тұтастығы бұзылуының алдын алу үшін ТБЭСЖ БҚ пайдаланушы қателіктерін, техникалық істен шығу кезінде туындайтын қателіктерін және  пайдаланушыға кейінгі іс-қимылдар сипатталған хабарламаларды бере отырып  дерекқор қателіктерін өңдеуді қамтамасыз ететіндей құрылуы тиіс;

3) ТБЭСЖ БҚ-да: пайдаланушыны сәйкестендіру (тану), бірдейлендіру (түпнұсқалылығын растау) и авторландыру (өкілдіктер беру); ТБЭСЖ ресурстарына қолжетімділікті бақылау; ТБЭСЖ болып жатқан оқиғаларды тіркеу және талдау; ТБЭСЖ ресурстарының тұтастығын бақылау сияқты функцияларды қамтамасыз ететін бағдарламалар жұмысына бақылау модулі болуы тиіс;

4) ТБЭСЖ БҚ сауда-саттық қорытындылары бойынша қалыптастырылған шығару деректеріне өзгерістер енгізуге мүмкіндік бермеуі тиіс;

5) ТБЭСЖ БҚ енгізілетін деректердің толықтығын және дұрыстығын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс;

6) ТБЭСЖ БҚ сауда-саттық жүйесі; есептік-клирингтік жүйе; ақпараттық-талдау жүйесі; деректер беру желісі (егер сауда-саттық жүйесінің технологиялық процесі осындай жүйемен өзара іс-қимыл жасауды көздейтін болса) бағдарламалық жүйелерді қамтуы (немесе қолданыстағы сияқты бағдарламалық жүйелермен электрондық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуі тиіс).

11. ТБЭСЖ аппараттық қамтамасыз етілуіне мынадай талаптар қойылады:

1) сервер және коммуникациялық жабдық биржаларда қабылданған жұмыстар регламентін қамтамасыз ету үшiн жеткiлiкті, бірақ секундына кемінде жүз транзакция жасау өнiмдiлiгін;

2) ауқымдылық - ақпараттың өсіп отырған көлемін өңдеу мүмкiндігін қамтамасыз етуi тиіс;

3) сенiмдiлігі жоғары жүйелерді ұйымдастыру үшiн серверді дисктi жинақтағыштар мен және «жедел алмастырылатын» қоректену көздерiмен (артық қоректенумен) жарақтандыру қажет;

4) сервердiң желдету жүйесі температураны бақылау мүмкiндiгiне ие болуы тиіс;

5) сервердiң қоректенуi үзiлiссiз қоректендіру құрылғысы арқылы кiретiн кернеудi тұрақтандырумен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте, үзiлiссiз қоректендіру құрылғысының қуаты сервер тұтынатын қуатқа байланысты таңдалуы және батареялардан жұмыс істеу уақыты кемiнде 30 минут болуын қамтамасыз етуi және номиналды қуаты 75 пайыздан аспайтын жүктемеде болуы тиіс;

6) дисктi жинақтағыштарда, сондай-ақ, деректер сақтаудың сыртқы құрылғыларында деректерді резервтеу қамтамасыз етілуі тиіс;

7) серверлер қателерді табу және түзету мамандандырылған жедел жадысымен жарақтануы тиіс;

8) Желілік инфрақұрылым орнықты және ауқымды болуы тиіс. Желiлердiң орнықтылығы желіні кез келген аппараттық бас тартулардан  қорғайтын физикалық артықшылықтан (құралдарды «жедел» резервтеу), серверлiк құралдар үшiн қосылыстарды агрегаттау хаттамаларын пайдаланудан тұрады.

ТБЭСЖ-ге жалпы пайдалану каналдары арқылы алшақ қосылу кезінде кемінде екі тәуелсіз провайдер арқылы байланыс арналарын резервтеу көзделуі тиіс. Бұл ретте, резервтік байланыс арналарының кез келгенінен бас тартқан кезде кезде автоматты арнааралық ауыстырып қосу күйіне келтірілуі тиіс.

12. ТБЭСЖ ақпараттық қауіпсіздігі бойынша мынадай талаптар қойылады:

1) ТБЭСЖ ақпараттық қауiпсiздiгі ұйымдастырушылық-техникалық шаралар мен ақпарат қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралдар кешенін қамтитын жүйемен қамтамасыз етiлуi тиіс;

2) ТБЭСЖ деректерді рұқсат етiлмеген қолжетімділіктен қорғауды қамтитын деректердi көпдеңгейлi қорғауды қамтамасыз етуi тиіс - жүйеге кiрерде сәйкестендіру және бірдейлендіру рәсімдерін пайдалану, ақпаратты шифрлеу рәсімдерінің болуы, деректерге, пайдаланушылар өкiлеттiктерiне сәйкес олардың бiрнеше түрлерiнiң болуын көздейтін көпдеңгейлi қолжетімділік;

3) тауар биржасының уәкілетті органы (директорлар кеңесі немесе басқарма) ТБЭСЖ ақпараттық қәуіпсіздігіне қатысты ТБЭСЖ құпия сөзбен қорғау және қолжетімділікті басқару; ТБЭСЖ физикалық қауiпсiздiгi; ТБЭСЖ деректерін резервтік көшiру және қалпына келтiру; қауіпсіздікке  төнген қауіп-қатерлерді және ТБЭСЖ қалыпты жұмыс істеуінің бұзылуымен байланысты себептер мен шарттарды уақтылы анықтауға бағытталған қауіпсіздік саясаты мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарды бекітуі тиіс;

4) биржа қатысушыларының ТБЭСЖ-да ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалану арқылы жұмысы заңнамада белгі­ленген тәртіпте жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте ақпарат алмасу үшін сауда-саттықтың техноло­гиялық процесiнiң барлық қатысушылары үшiн бiрыңғай шифрлеу алгоритмі қолданылуы тиіс.

5) ТБЭСЖ БҚ ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерді, сондай-ақ, олардың қалыпты жұмыс істеуінің бұзылуына байланысты себептер мен жағдайларды уақтылы анықтауды қамтамасыз ететін тиісті қауіпсіздік саясатымен жүзеге асырылуы тиіс;

6) ТБЭСЖ-мен қосылу қорғалған не бөлінген байланыс арналары бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

13. ТБЭСЖ жабдығын орналастыруға мынадай талаптар қойылады:

1) ТБЭСЖ жабдығы үздіксiз қоректену көзiнің болуы; кондиционерлеу жүйесінің болуы жөніндегі талаптарға жауап беретін серверлік үй-жайда орналасуы және құрастырылуы тиіс; серверлер тұрғын емес бөлмеде болуы тиіс; серверлік үй-жай жабдығы мөлшері кемінде 1,5 см ғимаратты кондуитті жерге тұйықтау жүйесінің бас электродымен қосылуы тиіс; серверлік үй-жай төбесінің биіктігі кемінде 2,44 метр болуы тиіс; автоматтандырылған хабардар ету және өрт сөндіру жүйесі; серверлік бөлмеге шектелген қолжетімділік, қолжетімділікті бақылау; серверлік үй-жайда өткізілетін жұмыстардың тігілген журналының болуы;

2) серверлiк үй-жайды электрмен жабдықтау электр қондырғыларын орнату қағидаларын регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес I санатты электроқабылдағыштармен  қамтамасыз етілуі тиіс.

14. ТБЭСЖ-ге ұйымдастырушылық-техникалық талаптар мынадай параметрлерді қамтиды:

1) ТБЭСЖ тоқтаусыз кезең негізінде тәулігіне 24 сағат iшiнде (жұмыс күндерiнде) жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;

2) биржалық сауда-саттыққа әрбiр қатысушы тауар биржасының электрондық сауда-саттық жүйесiне тең құқықтарды және қолжетімділікті иеленуі тиіс. Қатысушылар саны ТБЭСЖ өнiмдiлiгімен немесе   аппараттық - бағдарламалық сипатталарымен шектелмеуі тиіс;

3) биржаның бөлінген жұмысын ұйымдастыру кезінде (қашықтағы филиалдардың, оқшауланған брокерлік орындардың, сауда-саттық алаңдарының және тағы сол сияқтылар істеуі) биржалық сауда-саттықтың электрондық жүйесіне қашықтан қол жеткізу нүктелерiнiң жұмыс істеуі үшiн сенiмдi байланыс арналарымен қамтамасыз етілуі және сауда-саттыққа қатысушылар үшiн сауда жасаудың тең шарттары қамтамасыз етілуі қажет. Бұл ретте биржа дербес таңдап алынған және сауда-саттық қатысушылары пайдаланатын техникалық сипаттамалары мен жиынтығы бар терминалдардың жұмыс қабілеттілігіне жауапты емес;

4) қашықтан қолжетімділік режимінде жұмыс істеу кезінде биржа қашықтағы сауда-саттық қатысушыларының қосылуы үшін қажетті порттар санымен қамтамасыз етуі тиіс;

5) тауар биржасының уәкілетті органы (директорлар кеңесі немесе басқарма) тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне қосылу және онда сауда-саттық қатысушыларының қашықтан қолжетімділік режимінде жұмыс істеуі кезіндегі шарттарды, талаптарды және техникалық сипаттамаларды айқындайтын нормативтік құжатты бекітуі тиіс;

6) ТБЭСЖ-ге аталған салада мамандар болып табылатын штаттық қызметкерлер қызмет көрсетуі тиіс;

7) тауар биржасының техникалық орталықтары сауда-саттық жүйлерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін резервті байланыс арналарымен және резервтік электрқоректенумен жабдықталуы тиіс.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!