Қазақстанда 2013 жылы қолайлы инвестициялық климат сақталады

Фотография - Қазақстанда 2013 жылы қолайлы инвестициялық климат сақталады

Бұл жөнінде Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары Қанат Досмұқаметов мәлімдеді

188 0

Қазақстанда 2013 жылы қолайлы инвестициялық климат сақталады. Бұл жөнінде Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары Қанат Досмұқаметов мәлімдеді.

«Баяу болса да, Қазақстандағы экономикалық жағдай тұрақты күйде қалады. Ұлғайған мемлекеттік шығындар мен сақталған жоғары экспорттық бағалар ықпал етіп отырған жоғары тұтынушылық сұраныс қызмет көрсету мен бөлшек сауда секторының қарқынды өсуіне әсер етеді. Экспорттық бағалар, негізінен мұнайға қатысты, ағымдағы операциялар есебінің (2012 ж. 9 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ 7,7%) мен шоғырланған бюджеттің пайдасы (2012 ж. 9 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ 11,6%) жоғары деңгейде қалып отыр», – деді ЕАДБ басқарма төрағасының орныбасары.

Оның мәліметі бойынша, ақша көлемінің өсуі кезінде мемлекеттік шығындардың да ұлғаюы 2012 жылғы қарашада инфляция көлемінің 5,6% күйде сақталуына ықпал етті. Бұл көрсеткіш ел Үкіметінің мәлімдеген мақсатына сәйкес келеді.

«Халықаралық резервтердің деңгейі жоғары болуына байланысты теңгенің құбылмалылығы төмен сипатқа ие. Ішкі сұранысты қолдайтын экспорттық кірістің ағымдағы деңгейінің сақталуы салық түсімдерінің артуына және ҚРҰҚ ұлғаюына ықпал етеді. Инфляция көлемі ҚРХБ болжамына сәйкес 6-8% көлемінде сақталуы тиіс», – деді Қанат Досмұқаметов.

Оның айтуынша, экономикалық тұрақтылық Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат құрады және бұл шетелдік инвесторлардың қызығушылығының сақталуына әсер етеді.

«Әрине, елдің инвестициялық тартымдылығы мен инвестициялық салымдардың өсімі көптеген өзге де факторларға байланысты, өйткені инвесторларды тарту мен ұстап қалу үшін мемлекет тарапынан нормативтік құқықтық базаны, құқық қолдану тәжірибені жетілдіру, инфрақұрылымды дамытуды сынды іс-әрекеттер жасалуы тиіс. Инвесторлардың елден кетпеуі үшін оларға қолайлы бизнес-орта құрып, олардың ақылға қонымды тілектерін орындауға тырысу керек. Мұндай орта Қазақстанда ақырындап құрылып келе жатыр. Қазақстан Республикасы Президенті жанынан құрылған Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысы осыған дәлел. Кеңес аясында түрлі инвестициялық жобалар талқыланып, іске қосылады», – деді ЕАДБ басқарма төрағасының орынбасары. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!