Қазақстан қор биржасын Астанаға көшіруге әзірге ешқандай қажеттілік жоқ

Фотография - Қазақстан қор биржасын Астанаға көшіруге әзірге ешқандай қажеттілік жоқ

Бұл туралы KASE Президенті  Қадыржан Дамитов бүгін 2012 жылдың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтты

246 0

Астанаға көшу Қазақстан қор биржасы (KASE) үшін көкейкесті мәселе емес. Бұл туралы KASE Президенті  Қадыржан Дамитов бүгін 2012 жылдың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтты.

«Қазақстан қор биржасы» АҚ президентінің пайымдауынша, бірқатар ұлттық компаниялардың бас кеңселерінің Астанада орналасуы оны елордаға көшіруге негіз бола алмайды. Бұған ешқандай қажеттілік де жоқ. «Қаржы нарығы негізінен Алматыда. Негізгі банктер мен брокерлік компаниялар оңтүстік астанада орналасқан. Сондықтан Қазақстан қор биржасын Астанаға көшіру мағынасыз», - дейді Қ.Дамитов.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!