2012 жылы Теңіз кен орнында мұнай өндірісі 1,6 млн. тоннаға азайды

Фотография - 2012 жылы Теңіз кен орнында мұнай өндірісі 1,6 млн. тоннаға азайды

«Теңізшевройл» ЖШС 2012 жылы 24,2 млн. тонна немесе 193 млн. баррель мұнай өндірді

220 0

Атырау облысындағы Теңіз кен орнын игерумен айналысатын «Теңізшевройл» ЖШС 2012 жылы 24,2 млн. тонна немесе 193 млн. баррель мұнай өндірді, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Бұл компанияның 2011 жылғы көлемінен аз, ол кезде өндірілген мұнайдың жалпы көлемі 25,8 млн. метрикалық тонна (206,2 млн. баррель) шикі мұнайды құрады. Бұдан бір жыл бұрын, 2010 жылы ТШО одан да көп - 25,9 млн. тонна (207 млн. баррель) мұнай өндірді. Теңіздегі өндіріс көлемінің азаю себебі компанияның баспасөз қызметінен хабарланбауда.

2012 жылы өндірілген мұнайды ТШО КТК құбыры арқылы Новоресейге, теміржол бойынша Одесса, Феодосия және Ақтауға, одан кейін - Батуми мен Кулевиге экспорттады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!