Мұнайдың басым бөлігі шетелге шығарылады

Фотография - Мұнайдың басым бөлігі шетелге шығарылады

нақты айтқанда, 68 млн 616 мың тон­насы шетел экспортына шыға­рылыпты

204 0

Өткен жылы елімізде 79,2 млн тонна мұнай және газ кон­денсаты өндірілгенімен, оның 80 пайыздан астамы, нақты айтқанда, 68 млн 616 мың тон­насы шетел экспортына шыға­рылыпты.

Қазақстандағы үш мұнай зауыты небәрі 14,2 млн тонна көлемінде ғана өңдей алған. Еліміздің жерасты табиғи шикізаты көптеген мүдделердің қызығушылығын ту­ғызғандықтан, нағыз "сау­­да-саттық" енді қызатын сияқты. Дүйсенбідегі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуни­кациялар қызметінің дәстүрлі брифингіне келген Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың сөзінен соны аңғардық.

Министрдің айтуынша, "ҚазМұнайГаз" компаниясының Қашаған кен орнында "Коноко Филлипс" үлесін иеленуі жөніндегі мәселе Үкімет деңгейінде талқыға салынбақ. "Қазақстан Қашағандағы "Коноко Филлипс" үлесін әлі сатып алған жоқ. Ведомствоаралық комиссия өзінің жұмысын жалғастырып жатыр. Шешім қабылдау үшін бізде уақыт бар.

Егер де үндістандық ұлттық компания сатып алуға ниеттенген бағаға тоқталатын болсақ, ол – 5 млрд долларға бағаланған еді" дейді ол


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!