Несие үстемақысын 5-7%-ға дейін төмендету ұсынылды

Фотография - Несие үстемақысын 5-7%-ға дейін төмендету ұсынылды

Экономиканың кейбір секторларының дамуына кәсіпкерлерге берілетін несиелердің жоғарғы үстемақысы кедергі келтіріп отыр

195 0

Экономиканың кейбір секторларының дамуына кәсіпкерлерге берілетін несиелердің жоғарғы үстемақысы кедергі келтіріп отыр.

Сондықтан несие саясатына өзгерістер еңгізу қажет. Кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға негізделген «Атамекен одағы» Ұлттық палатасы осындай ұсыныс жасауда. Мысалы, 2007 жылы жалпы ішкі өнімге шаққанда несиелеу көлемі 56%-дан жоғары болса, ал 2012 жылы бұл 31%-ды құраған. «Бұл шағын бизнесті несиелеу көлемінің төмендегенінен туындап отырған жағдай», – дейді мамандар. Еліміздегі несие үстемақының бүгінгі деңгейі 14%-ды құрайды. Бұл – комиссияларды есептемегендегі көрсеткіш. Ал «Атамекен одағы» Ұлттық палатасы мұны 5-7%-ға дейін төмендетуді ұсынады. Сонымен қатар банкілер қарыздарды қайтару кезінде қатаң талаптар қояды. Осы тарапта Ұлттық экономикалық палата несие пайызын төмендетіп, ұзақ мерзімді қаржыландыру енгізу қажеттігін айтты. Ал кәсіпкерлерді қолдауға арналған мелекеттік бағдарламалар барлық қажеттіліктің тек 15%-ын ғана қамтамасыз етуге қауқарлы. «Ал бұл қолдау кәсіпкерлердің екінші тынысын ашты деуге келмейді», – дейді мамандар.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!