Әнуар Сәйденов БТА банкі директорлар кеңесі төрағалығынан кетті

Фотография - Әнуар Сәйденов БТА банкі директорлар кеңесі төрағалығынан кетті

Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлап отыр

165 0

БТА банкі директорлар кеңесінің төрағасы Әнуар Сәйденов, несие берушілер өкілдері – Сергей Бабаян мен Яцек Бжезински, тәуелсіз директор Илкка Салонен 2013 жылдың 14 ақпанынан бастап өз еріктерімен жұмыстан кететіні туралы өтінішке қол қойды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Директорлар кеңесінің қазіргі құрамы алдына қойылған барлық мақсат-мүдделерді орындап,  банктің қайта құрылымдау жұмыстарын сәтті түрде жүзеге асырды.  Әртүрлі акционерлер тобының мүдделерін қолдай отырып, қиын әрі көлемді үдерісті жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Сондай-ақ, банктегі корпоративті басқару деңгейін қалыптастыруға зор үлестерін қосты. Осы орайда, әріптестерім -  Сергей Бабаян мен Яцек Бжезински, Илкка Салоненге өткен жылда атқарған жұмыстары үшін, ал «Самұрық-Қазына» қорына тиімді серіктес бола білгені үшін шексіз алғысымды білдіремін» деді Сәйденов.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев те банк акционерлерінің атынан директорлар кеңесінің атқарған жұмыстарына ризашылығын білдірді.

«Самұрық-Қазына» қоры БТА банкінің негізгі акционері ретінде 2011-2012 жылдар аралығында қызмет еткен директорлар кеңесі командасының жұмысын жоғары бағалайды. Сондықтан, банк жұмысындағы маңызды кезең аяқталып, жаңа белестер пайда болған бүгінгі сәтте Сәйденов, Бабаян, Бжезинский,Слонен сынды мырзаларға сәт-сапар тілеп, биік шыңдардан көріне берулеріне тілектестік білдіремін» деп сөзін қорытты  Ө. Шөкеев.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!