2012 жылы Қытай басқа елдердің экономикасына 62,5 млрд доллар құйды

Фотография - 2012 жылы Қытай басқа елдердің экономикасына 62,5 млрд доллар құйды

Сарапшылардың болжамы бойынша, биылғы жылы қытайлық инвестициялар көлемі шетелде тек өсіп отырады

187 0

2012 жылдың қорытындысы бойынша, қытайлық бизнесмендер басқа елдердің экономикасына 62,5 млрд доллар құйды. Бұл аталмыш көрсеткіштің жаңа рекорды саналады, деп chinapro.ru агенттігіне Price Waterhouse Coopers халықаралық аудиторлық компанияның сарапшылары хабарлады.

Сарапшылардың болжамы бойынша, биылғы жылы қытайлық инвестициялар көлемі шетелде тек өсіп отырады.

2012 жылы ҚХР-да шетелдік капитал салымдары қысқарды. Бұл Батыс елдерінің экономикалық жағынан қалпына келуінің баяулауына, еуроаймақтағы қаржының тұрақсыздығы мен Қытайдың экономикалық өсімінің бәсеңдеуіне байланысты. 2012 жылғы қорытынды бойынша, Қытайда біріктірілген және сатып алынған кәсіпорындар саны 2011 жылғы деңгейге қарағанда 21%-ға қысқарды. Шетелдік инвестициялар көлемі $97,1 млрд құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 28%-ға төмен.

2012 жылы Жапония ҚХР-да кәсіпорындар біріктіру мен сатып алумен айналысатын ірі шетел инвесторы атанды. АҚШ және Еуропа Қытай кәсіпорындарын біріктіру мен сатып алуға құйылған қаржы көлемі бойынша ірі шетел инвесторлары саналады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!