ОҚО-да бір жылда 352,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Фотография - ОҚО-да бір жылда 352,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

155 0

Оңтүстік Қазақстан облысында 2012 жылы тұрғын үй құрылысына 15,1 млрд. теңге инвестиция бағытталып,  нәтижесінде 352,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Пайдалануға берілген үйлердің жалпы аумағы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы республикалық көрсеткіш бойынша екінші орында тұр. Жалпы тұрғын үй құрылысы саласының инвестициясы бойынша бюджет есебінен 44 мың шаршы метр немесе 624 пәтер пайдалануға берілді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша көп қабатты 34 тұрғын үй жөнделген.

«Бұдан бөлек, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына республикалық бюджеттен 4,4 млрд. теңге бағытталып, барлығы 473,4 шақырым инженерлік желілер, оның ішінде 142,3 шақырым -  электр желілері, 279,5 шақырым - су құбыры, 41,7 шақырым - газ құбыры, 4,1 шақырым - телефон желісі салынды. Шымкент қаласының көп қабатты үй ауласын абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 615,4 млн. теңге қаралып, 140 аулада балалардың ойын алаңқайлары жасалды», - делінген таратылған хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!