Қазақстанда сақтандыру нарығының даму қарқыны 10-15 пайызға төмендейді деген болжам бар

Фотография - Қазақстанда сақтандыру нарығының даму қарқыны 10-15 пайызға төмендейді деген болжам бар

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Қазақстандағы сақтандыру нарығының даму келешегі жөніндегі баспасөз мәслихатында айтылды.

156 0

Үкімет міндетті сақтандыру жүйесін енгізу мәселесін кейінге қалдырғанына қарамастан адамдардың жеке басын сақтандыруы биыл 20-30 пайызға ілгерілеуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Қазақстандағы сақтандыру нарығының даму келешегі жөніндегі баспасөз мәслихатында айтылды.

«Биыл сақтандыру нарығының даму қарқыны 10-15 пайызға төмендейді деген болжам бар. Бұл негізінен мүлікті ерікті сақтандыру нарығының жалпы қарқынын бәсеңдетіп, сақтандырудың басқа түрлерінің дамуын біршама тежейді. Дегенмен, адамдардың жеке басын сақтандыру бағыты күшейеді», - дейді «Номад Иншуранс» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ринат Ахметьянов.

Компания сарапшыларының болжауынша, 2013 жылы міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру нарығы 10-15 пайыз дамиды. КАСКО (жауапкершіліктен өзге кешенді автомобильдік сақтандырулар) бойынша сыйақы көлемі 15 пайыз артып, 7,4 млрд. теңгеге жуықтамақ. Сондай-ақ сақтандыру компаниялары сақтандыру қоржындарын әртараптанлыруды одан ары жалғастыратын болады. Міндетті сақтандырудан басқа сақтандыру қоржындарының артуы компаниялар үшін тиімді болмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!