Қарағанды облысында «Сарыарқа» АЭА-ның құрылысына 19 млрд. теңге инвестиция салынды

Фотография - Қарағанды облысында «Сарыарқа» АЭА-ның құрылысына 19 млрд. теңге инвестиция салынды

Қарағанды облысында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақтың құрылысына 19 млрд. теңге инвестиция салынды.

113 0

Қарағанды облысында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақтың құрылысына 19 млрд. теңге инвестиция салынды.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің қатысуымен өткен өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында мәлім етті.

«Инвестицияларды тартуда тиімді механизмдердің бірі - арнайы экономикалық аймақ. Биыл біз «Сарыарқа» АЭА инфрақұрылымының құрылысын аяқтаймыз. Бүгінгі күні бөлінген қаражаттың 88,5 пайызы немесе 19 млрд. теңгесі игерілді. Әкімшілік орталық, теміржол инфрақұрылымы, автожолдар, электрмен жабдықтау кешені және тағы да басқа нысандар салынды», - деді А. Ахметжанов.

Билік өкілдерінің берген ақпаратына қарағанда, қазіргі уақытта арнайы экономикалық аймақтың аумағында 53 компания тіркелген, олар жаңа кәсіпорындарды құруды жоспарлауда.

Вице-премьер атап өткендей, АЭА-тың аумағында іске асырылатын жобалардың инновациялық құрылымы маңызды. «АЭА бойынша әлі нақты көрініс жоқ. Инновациялар жоқ болып шықпауына көзімізді жеткізуіміз үшін барлық жобаларды қарау керек. Қазіргі уақытта Индустрия және жаңа технология министрлігі әкімдіктермен бірлесіп үйлестіруді қамтамасыз ету үшін барлық арнайы экономикалық аймақтарға кіруі жөнінде ұсыныс жасады».


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!