Ұлттық компанияларда топ-менеджерлер айына 1,5 млн теңге алады

Фотография - Ұлттық компанияларда топ-менеджерлер айына 1,5 млн теңге алады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (ЭБЖМ) мен Қаржы министрлігі.

140 0

 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (ЭБЖМ) мен Қаржы министрлігі Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлерді материалдық ынталандыру жөніндегі ұсыныстарын наурыз айында дайындайтынын айтты, деп хабарлайды Қазақстан бүгін ақпарат агенттігі.

Әкімшілік жоғары лауазымға лайықты жеткілікті дәрежеде білімді мамандар отыруы үшін, өзара бәсекелестік болуы керек. Сондықтан да олардың еңбек ақысына өзгеріс енгізу қажет екенін меңзеген агенттік төрағасы. "Әрине бұл олардың айлығын ірі трансұлттық компаниялардағы топ-менеджерлердің жалақысымен теңестіру деген сөз емес", - дейді Әлихан Бәйменов мемқызметті одан әрі дамытуға қатысты сарапшылар кеңесінде журналистерге.

Оның айтуынша, шенеуніктердің жалақысын жүйелеудің жаңа механизмі мен жұмысқа ынталандыру ұсыныстарын ЭБЖМ мен ҚМ мамандары наурыздың екінші жартысында мемлекеттік бюджеттің барлық мүмкіндіктерін ескере отырып жасап шығатын көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма мүшесі - атқарушы директор Нұрлан Рахметов, өткен жылдың қарашасында: «Қазақстандағы ұлттық компаниялардың топ-менеджерлерінің айлық жалақысы «бар-жоғы» 1,5 млн теңге ғана. Олардың қолдарына нақтысы  1,2 млн теңге тиеді» деп мәлімдеген болатын. «Менің жалақым - құпия емес, өйткені, ол Үкімет қаулысымен арнайы бекітілген. Ай-сайынғы жалақым 1,5 млн теңгені құрайды. Әрине, одан зейнетақы қорына түсетін салым мен салықты ұстап қалғанда, қолыма шамамен 1,2 млн аламын. Бұл аз ба, көп пе? Әрине мен басқалармен, мәселен Ресейлік компаниялармен салыстыратын болсам бұның айтарлықтай төмен екенін байқаған болар едіңіздер» - деген ол баспасөз конференциясында.    


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!