Қоғамға зейнеткерлік жасына қатысты тиімді вариант ұсынылатын болады

Фотография - Қоғамға зейнеткерлік жасына қатысты тиімді вариант ұсынылатын болады

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов мәлімдеп отыр.

320 0

Ведомствааралық топ сәуір айына таман әйелдер мен ер адамдардың зейнеткерлік жасын  сәйкестендіру мәселесіне қатысты шешімдерін Үкіметке ұсынатын болады. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов мәлімдеп отыр.

«Бүгінгі күні зейнеткерлікке шығу жасын әйелдер мен ерлер зейнеткерлікке бір мезгілде - 63 жаста шығатындай етіп сәйкестендіру мәселесі талқылануда. Мәселе "зейнеткерлікке 63 жасында нешінші жылы туған әйелдер шығады?", "бұл жинақтаушы жүйеге (зейнетақы жүйесі) қатысушы әйелдерге ғана қатысты ма, әлде ерікті жинақтауды таңдаған әйелдерге қатысты ма?" деген сияқты сұрақтар төңірегінде өрбіп отыр. Осы мәселелерді құрамына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ұлттық банк кіретін ведомствоаралық топ белсене талқылауда», - дейді үкімет басшысының орынбасары «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында.

Келімбетовтың айтуына қарағанда, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ведомствоаралық топ жоғарыдағы мәселеге қатысты ұсыныстарды үкіметтің қарауына ұсынатын болады.

"Зейнеткерлік жасын сәйкестендіру - өте өзекті мәселе. Мен Парламент Үкіметтен қажетті шешімдердің толық картинасын күтіп отырғанын білемін. Біз қоғамның көңілінен шығатын вариант ұсынатын боламыз деп ойлаймын", - деді ол.


"Ал менің жеке пікірімді білгіңіз келсе, зейнеткерлік жасын ұлғайту қажет дер едім. Бұның қажеттілігі сол, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тұрақты қызмет етуі үшін жұртшылық ақшасын ұзақ уақыт сақтауы керек", - деді Келімбетов.


Қазіргі күні елімізде әйел адамдар зейнеткерлікке 58 жасында, ал ер адамдар 63 жасында шығады.


Тегтер:

келимбетов

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!