Жалған ақша жасаушылардың "ең сүйікті купюрасы" анықталды

Фотография - Жалған ақша жасаушылардың "ең сүйікті купюрасы" анықталды

Елімізде жалған ақша жасаушылар көбейіп барады

163 0

Елімізде жалған ақша жасаушылар көбейіп барады. Тіпті былтырғы жылы қолдан банкнот шығарумен айналысатын 8 адам ұсталып, бір цех жұмысын тоқтатқан.

Алаяқтар қатаң жазаланып, түрмеге 15 жылға дейін тоғытылып жатқанымен айласын жұрттан асырып жүргендер кемімеуде. Сондықтан жалған ақшалардың қанша көлемде айналымға түсіп, жұрттың қолында жүргенін ешкім дөп басып айта алмайды.

Құзырлы мекемелер жүргізген сараптама жұмыстары көрсеткендей, оңай олжаға құныққандар 10 мың, 5 мың және 2 мың теңгелік валюта жасауға әуес көрінеді. Қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, былтырғы жылы жалпы көлемі 6 миллион теңге жалған банкноттар тәркіленген.

Жалған ақша жасаумен айналысып келген бірнеше қылмыстық топтың жолын кестік. Кейін белгілі болғандай, олар бұл кәсіппен бұдан бұрын да айналысып келген, бірнеше рет істі болған адамдар. Қазір оларға 6-дан 8 жылға дейін абақтыға тоғытылды. Жеңіл ақшаның буына еліккендердің мүлкі де тәркіленуге жатады.


Тегтер:

ақша жалған

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!