Алматыда орташа айлық жалақы 129 мың теңгені құрады

Фотография - Алматыда орташа айлық жалақы 129 мың теңгені құрады

2013 жылғы қаңтарда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 99 152 теңгені құрады.

211 0

«2013 жылғы қаңтарда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 99 152 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы қаңтарға 107,6%, ал нақты жалақы индексі 100,9% құрады», деп хабарлайды bnews.kz.

Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте бегіленді – 197,8 мың теңгеге (орташа республикалық деңгейден 2 есеге асады), қаржы және сақтандыру қызметінде – 178,4 мың теңге және кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 178,2 мың теңге (1,8 есе) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 47,4 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 52,2%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 174,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,8 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 69,4 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 30,0%-ға төмен.

Алматыда бір адамның орташа жалақысы 129 мың 480 теңге. Елорда тұрғындарының орташа жалақысы 138 мың 538 теңге. Ал Ақмола облысы тұрғындарының орташа жалақысы 72 мың теңге.

Статистика агенттігі халықаралық стандарттарға сәйкес, бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылғанын айтады.


Тегтер:

ақша

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!