Бюджет ашық болуы тиіс

Фотография - Бюджет ашық болуы тиіс

Игерілмеген қаражат үшін жауапты азаматтар қылмыстық жазаға тартылуы тиіс. Себебі, елімізде жыл сайын қазынадан бөлінетін миллиардтаған сома дұрыс игерілмей жатыр.

335 0

Игерілмеген қаражат үшін жауапты азаматтар қылмыстық жазаға тартылуы тиіс. Себебі, елімізде жыл сайын қазынадан бөлінетін миллиардтаған сома дұрыс игерілмей жатыр.

Жауапсыздық салдарынан мемлекет қаржысының тиімділігі кемиді. Бұл туралы бүгін бюджеттің ашықтығы мен жариялылығына арналған басқосуда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, олқылық-жоспарлау жүйесінде. Бюджетті жоспарлау барысында көлемді қаржыны сұрап алғандар, игеру мәселесіне келгенде жауапкершілікті мойындарына алмайды. «Ал, әлеуметтік маңызы бар қызметтер дәл осы бюджеттің есебінен жүргізіледі. Сондықтан, бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды» дейді депутат.

   Бюджет қаражатының жай жұмсалған бағыты ғана емес, оның енді тиімділігі қандай болды, қайтарылымы қандай болды, экономикамызға қандай үрдіс беріп отыр, халқымыздың әлеуметтік мәселесін қалай шешіп отыр деген дүние. Соны жариялылық жасап отырсақ біз қоғамымызға да үлкен бір ашықтық арқылы өздеріне дұрыс пікірді қалыптастырған болар едік.

Бюджет – халықтың ақшасы. Сондықтан, бөлінген қаржының мақсатты жұмсалғанын бақылауға қарапайым тұрғындар да құқылы. Әр азамат бюджет шығынын білу үшін, мемлекеттік мекемелер ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету керек деді шараға жиналғандар. Мамандар әсіресе жергілікті бюджеттің ашықтығын сынға алды. Әлеуметтік маңызы бар қызметтер дәл осы жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Қоғамның көңіл-күйі де аймақтағы бюджеттің шығынына тікелей байланысты. Сондықтан әкімдерді жұмсалған қаржы туралы ақпаратты ресми сайтта жариялауға міндеттеу керек деді сарапшылар. Айта кетейік, бүгінде еліміз бюджеттің ашықтық индексі бойынша 100 елдің ішінде 48-орынға тұрақтаған.


Тегтер:

ақша

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!