Метеориттің сынығы сатылады

Фотография - Метеориттің сынығы сатылады

Бірнеше күннен бері Ресей полициясы интернет арқылы метеориттің бөлшегін сатып, пайда тапқысы келгендерге қарсы соғыс жария­лады. 

161 0

Бір жақта ғалам сілкініп, жұрт әбігерге түсіп жатқанда апаттың өзінен пайда көріп жатқандар табылды. Бірнеше күннен бері Ресей полициясы интернет арқылы метеориттің бөлшегін сатып, пайда тапқысы келгендерге қарсы соғыс жария­лады. 

«Соңғы күндері әртүрлі интернет сайттарда ме­теориттің сынығын сатып, жарнама берушілер кө­бейіп кетті. Ал олардың бөлшегінің бағасы 10 мың мен 25 мың рубльдің арасында. Барлық берілген хабарламалар қазір тексеріліп жатыр. Хабар­ландыруды интернетке салғандардың кім екендігі анықталады». Бұл туралы Ресей Ішкі істер ми­нистр­лігінің баспасөз қызметі хабарлама таратты.

Егер алаяқтар кез келген тастың сынығын метеориттің бөлшегі деп сатса, онда қылмыстық жауапкершілікке тартылады,–деді Челябинск об­лысы ішкі істер департаментінің бастығы А.Чир­ков. Метеориттің сынығын сату туралы жарнамалар оның құлауынан бірнеше сағат өткеннен кейін интернетке салына бастады. Ақиқатына келсек, жарнаманың мазмұны төмендегідей болып келеді.: «15.02.2013 жылы Челябинск облысының Баймақ ауданынан табылған метеориттің бір бөлшегін са­тамын», ал екіншілері «шамалы мүжілген жерге соғылған алапат сынықты сатамын» десе, үшінші­лері тіпті метеориттің сырқатқа ем екенін жа­сырмайды, «сыздаған жерге басуға болады, бүй­ректегі тасты түсіреді».

Шын мәнінде, ол бүйректегі тасты түсіре ме, жоқ па, ол жағы белгісіз. Бірақ аспаннан түскен алапат тасты алғысы кеп, қызық үшін хабарлас­қандар да көбейген секілді. Қалай айтқанда да, метеорит ресейліктерге ауыр зардабын тигізді. Тюмень, Қорған, Свердловск және Челябинск аймақтарында Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 1500-дей адам жарақат алған. Алдын ала есеп бойынша келген шығын 1 миллиард рубль шамасында. Дүйсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Челябинск облысында апаттан зардап шеккендерге 500 миллион рубль ақша бөлу туралы тапсырма берді. Осыдан бірнеше күн бұрын Шұбаркөл көлі аума­ғынан метеорит сынығының табылғаны туралы зерттеушілер хабарлама таратты. Алайда ме­теориттің сынығын сатып, пайда табушылар бүгін туып отырған жоқ. Әлемде мұндай тәжірибе бар. Аспаннан құлаған алапат тастың бөлшегін аук­ционға қойып, байығандар баршылық. Мысалы, 2012 жылы Айдың бір бөлшегі деп бірқатар ме­теориттермен бірге сатылған «құнды зат» аукцион­да 330 мың долларлық бағаны құрады. Ал зерт­теушілер мұның құндылығын жоққа шығармай, «ол әлемнің жетекші мұражайларының бірін­де экспонат ретінде тұруы керек» деп есептейді.

Жалпы, сатылған сынық метеориттер бар­шы­лық. Сібірден табылған «Сеймчан» сынығы 43750 мың долларға, «Гибеон» метеориті 46875 мың долларға бағаланды. 2011 жылдың шілде айында Морокконың шөлейт аймағына түскен метеорит­-тің 1 грамм сы­нығы 300-1000 доллар аралығында сатылымға түскен. Демек, Челябинск облысының аумағына түскен метеорит те бірер жылдан кейін аукционға түсіп жатса, таңғалуға болмайды


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!