Forbes Таяу Шығыстағы экономикасы дамыған елдерді атады

Фотография - Forbes Таяу Шығыстағы экономикасы дамыған елдерді атады

Сауд Арабиясының экономикасы араб әлемінде алдына қара салмай келеді

300 0

Сауд Арабиясының экономикасы араб әлемінде алдына қара салмай келеді. Бұл жайында «Maktoob» әлемге әйгілі «Forbes» басылымы жүргізген экономикалық зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып, хабар таратты.

Өткен жылы корольдіктің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 5,97 пайызға көтерілген. Яғни, бұл көрсеткішті валютаға шаққанда 2012 жылы 266,1 млрд долларға жеткен. Экономикалық өрлеуге қол жеткізген корольдік бұрын тарихында болмаған деңгейде бюджетін ұлғайтты. Бюджет мөлшері 218,7 млрд долларды құрады.

Ал екінші орыннан көрінген Кувейттің ЖІӨ 2012 жылы 6,3 пайызды құрады. Санмен өрнектегенде 79,2 млрд доллар. Одан кейінгі орынға табан тіреген Біріккен Араб Әмірліктерінде 2012 жылы ЖІӨ 4,04 пайызға көтеріліп, 188,5 млрд долларды көрсеткен.

Африка елдерінің арасында Ливияның экономикасы құлдырап, 2012 жылы ЖІӨ 33 млрд долларды ғана құраған. Ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 121,9 млрд болғанын айта кету керек. «Forbes» журналының мәліметтеріне сәйкес, мұнай өндіруші мемлекеттер табысының көбеюі аймақтағы құрылыс жобаларын жүзеге асыруға, инфрақұрылымды дамытуға, елдің тұрақты дамуына мүмкіндік берген.

Ал мұнайы жоқ араб елдерінің ішінен ЖІӨ бойынша қарқынды дамушы Марокко болып табылады. Ондағы ЖІӨ 2,87 пайызға жетіп, 81,5 млрд долларды құраған. Соңғы орыннан табылған Суданның экономикасы ішкі саяси жанжалдан, тұрақсыздықтан зардап шегіп отыр.

Алып араб елдерінің арасында 2012 жылғы мәлімет бойынша Ливанның қарызы ЖІӨ-ге шаққанда 135,2 пайызға жеткен. Ал Иорданияның берешегі ЖІӨ бойынша 72,02 пайызды құрап отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!