Елбасы Досаевқа елдің экономикалық өсімін қамтамысыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді

Фотография - Елбасы Досаевқа елдің экономикалық өсімін қамтамысыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевты қабылдады

156 0

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында экономиканың одан арғы дамуы, бюджеттік саясат және мемлекет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

Е.Досаев Мемлекет басшысына министрліктің өткен жылғы қызметінің негізгі қорытындылары туралы баяндады және қазіргі кезеңдегі жұмысының басты бағыттарын таныстырды.

Қазақстан Президенті қазіргі уақытта бюджеттік саясат мәселесі министрліктің құзыретіне берілгенін атап өтті.

- Индустриялық-ииновациялық даму бағдарламасын, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді ескере отырып, қандай жолмен тиімді бюджеттік жоспарлау мәселелеріне түзету енгізетініміз жөнінде нақты көзқарасымыз болуы керек. Министрлік – еліміздің экономикалық саясатын жоспарлайтын және үйлестіретін орталық орган, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жасау және оны өткізу жөніндегі жұмысшы орган болып саналады. Міндет көп, бірақ осы жұмыстың бәрін дер кезінде жүзеге асыру қажет, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мемлекеттің шығысын орынды және тиімді жоспарлау қажеттігіне назар аударды.

- Біз әсіресе, білім мен денсаулық салаларын дамытуға мол қаражат бөлудеміз. Атап айтқанда, мен қолданыстағы жағдайға бейім болуы үшін құрылыс нормалары мен ережелеріне өзгерістер енгізу жөнінде бұған дейін бірнеше рет айттым. Мемлекеттің ақшалай қаражатын орынсыз пайдалануды тоқтату қажет. Министрлік олардың тиімді қолданылуын үйлестіретін орган болуға тиіс. Мемлекеттің шығысы жылдан-жылға өспеуін қадағалаған жөн, - деді Мемлекет басшысы. 

Министр бүгінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында және Үкіметтің кеңейтілген кеңісінде алға қойған міндеттерді іске асыруға арналған нақты жоспар жасалғанын атап өтті.

- Біз бюджеттердің дамуын ұлғайтуды және мемлекеттік органдардың ағымдық шығысын азайтуды жоспарлап отырмыз. Мәселен, экономиканың тұрақты өсуі үшін бюджеттік даму үлесі кемінде 30-40 пайызды құрайды. Тек осындай жағдайда ғана біз орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ете аламыз, - деді Е.Досаев.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.   


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!