Батыс Қазақстанда тұрғын үй құрылысына 6 млрд. теңге жұмсалмақшы

Фотография - Батыс Қазақстанда тұрғын үй құрылысына 6 млрд. теңге жұмсалмақшы

Батыс Қазақстан облысында биыл тұрғын үй құрылысы бойынша барлығы 6 млрд. теңге мемлекет қаражаты игерілетін болады.

194 0

Батыс Қазақстан облысында биыл тұрғын үй құрылысы бойынша барлығы 6 млрд. теңге мемлекет қаражаты игерілетін болады.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, соның ішінде инженерлік коммуникацияларды тартуға 2 млрд. теңге бөлінді. Бұл ретте салынатын нысандардың ең алдымен сапалы болуына және мерзімінде тапсырылуына баса назар аударылады.

Өңірде Елбасы тапсырмасына сәйкес «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес нақты жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы барлық қаржыландыру көздерінен 244 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл жоспарланған көлемнен 1,2 есеге артық. Несиелік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру аясында жоспарланған 23 мың шаршы метрдің орнына 32 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу қамтамасыз етілді. Республикалық бюджет қаражатына жоспарланған 31 мың шаршы метрдің орнына 37,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.  Мемлекеттік емес қаражат есебінен 193 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл - 2011 жылғымен салыстырғанда 11,4 пайызға көп.


Тегтер:

теңге бөлінді

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!