Қазақстан жөкелердің экспорты бойынша әлемде бірінші орында

Фотография - Қазақстан жөкелердің экспорты бойынша әлемде бірінші орында

Қазақстан табиғи жөкелердің экспорты бойынша әлемде бірнеше жыл бойы алғашқы орынды иеленіп келеді.

132 0

Қазақстан табиғи жөкелердің экспорты бойынша әлемде бірнеше жыл бойы алғашқы орынды иеленіп келеді.

Әңгіме люфа гүлінің жемістерінен ерекше тәсілмен жасалған өнім туралы болып отыр. Бұл көне технологияны алматылық Сергей Чепис қайта жандандырды.

Сергей Чепис өз өндірісін ауданы 15 шаршы метрлік шағын ғана цехта бастады. Қазіргі кәсіпорын Алматының маңайында бір жарым мың шаршы метр аумақта орналасқан, бұл фермерлік шаруашылықты есепке алмағанда. Жөкелерді алдымен жерден өсіріп, қолмен жинау керек. Люфа гүлінің піскен жемісінде ежелде Орта Азия тұрғындары жөке ретінде пайдаланып келген талшықтар бар. Дамыған елдерде бұл тауарды қуана сатып алады.

Люфа жөкесінің көтерме сауда бағасы - 60-80 цент. Ол тонусты ретке келтіріп, қан айналымын жақсартады деп есептеледі.


Тегтер:

жөке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!