Индустриялық экономикада химиялық қалдықтардың қаупі өседі

Фотография - Индустриялық экономикада химиялық қалдықтардың қаупі өседі

Бүгінде кез келген бағдарламада экологиялық қауіпсіздік мәселесі ескерілуі шарт.

134 0

Бүгінде кез келген бағдарламада экологиялық қауіпсіздік мәселесі ескерілуі шарт.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен жиында БҰҰ Даму бағдарламасының химиялық қалдықтарды қауіпсіз басқару жобасы бойынша ұлттық сарапшы Вера Мұстафина мәлім етті. 

«Негізі, қоршаған ортаға келетін зиянның  95 пайызы - химиялық қалдықтардың үлесінде. Сондықтан оны қауіпсіз басқару мәселесі өзекті болып тұр. Әсіресе, индустриялық экономика кезінде ол проблеманың маңыздылығы арта түседі. Бұдан бөлек, бізде (Қазақстанда - авт.) кеңес заманынан қалған зиянды қалдықтар бар. Соның барлығы халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп, қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіріп отыр. Сол себепті бүгінде кез келген бағдарламаны қабылдаған кезде, экологиялық қауіпсіздік мәселесін барынша ескеру қажет», - дейді В.Мұстафина.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!