«Euromoney» халықаралық қаржы басылымы қазақстандық банкті үздік деп таныды

Фотография - «Euromoney» халықаралық қаржы басылымы қазақстандық банкті үздік деп таныды

«Капиталдың көлемі II» деген қосалқы санатымен Қазақстан бойынша  «Қазақстан халық банкі» АҚ  марапатталғандығы жөнінде  хабарлады.

100 0

«Euromoney» халықаралық қаржы басылымының жүргізетін жыл сайынғы байқауы   бойынша «2013 жылғы зерттеулер: жеке банктік қызмет көрсету және әл-ауқатты басқару» санатына сәйкес «Капиталды басқару қызметі», «Капиталдың көлемі II» деген қосалқы санатымен Қазақстан бойынша  «Қазақстан халық банкі» АҚ  марапатталғандығы жөнінде  хабарлады.

Қаржы институтының баспасөз қызметінің мәлімдемесіне қарағанда, қосалқы санат бойынша жеңімпазды басылым қазақстандық банк секторының қаржылық компаниялары арасында жүргізілген сұрау салу нәтижесіне сәйкес анықтады.

Жыл сайынғы шолу жекеменшік банк секторының және компаниялардың дүниежүзі бойынша әртүрлі елдер мен өңірлердегі активтерін басқарудағы жетістіктеріне сапалық және сандық талдау жүргізу түрінде жасалады.

Онда нарыққа қатысушылардың меншікті капитал көлеміне қатысты қол жеткізген жетістіктері және байқауға  қатысушы компаниялар активтерін басқару бойынша кәсіби қызметтер спектрі туралы мәліметтер берілген. Сонымен қатар  басқарылатын активтер ауқымының  мөлшері, пайдалық тиімділігі, клиенттермен өзара қарым-қатынас жасау, қызметтермен қамту аясы, жеке меншік ірі банктердің даму болашағы сияқты факторлар ескеріледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!