Қызылорда облысының бюджеті 68 млрд. теңгеге жетті

Фотография - Қызылорда облысының бюджеті 68 млрд. теңгеге жетті

Қызылорда облысының бюджетке түскен салықтары мен басқа да міндетті төлемдері 2013 жылдың 1 қаңтарына 68 млрд. теңгені құрап отыр

302 0

Қызылорда облысының бюджетке түскен салықтары мен басқа да міндетті төлемдері 2013 жылдың 1 қаңтарына 68 млрд. теңгені құрап отыр.

Бұл туралы  облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдында берген есебінде айтты.

Осының негізінде болжам 108,1 пайызға орындалды. Соның ішінде республикалық бюджетке 37,2 млрд. теңге құйылды. Бұл болжамның 103,4 пайызға орындалғанын көрсетеді. Ал жергілікті бюджет 30,8 млрд. теңгені құрады,  болжам  -114,3 пайыз.

2012 жылғы облыс бюджеті 2011 жылдың бюджетінен 12,3 млрд. теңгеге немесе 19,5 пайызға артып, 144,6 млрд. теңге деңгейінде жинақталды. Білім беру саласына бөлінген шығын 21,9 пайызға, денсаулық сақтау саласында 9,8 пайызға, мәдениет пен спортқа бағытталған шығын 24,3 пайызға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы шығын 7,6 пайызға, ауыл, су, орман шаруашылықтарының шығыны 28,5 пайызға өсті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!