Қарағандының моноқалаларын дамытуға 40 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Фотография - Қарағандының моноқалаларын дамытуға 40 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Бұл жайында өңір әкімінің халық алдында берген есебінде айтылды.

205 0

Қарағанды облысының моноқалаларын дамытуға алдағы үш жылға 40 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп отыр. Бұл жайында өңір әкімінің халық алдында берген есебінде айтылды.

"Былтыр бастауын алған "Моноқалаларды дамыту" бағдарламасы аясында екі миллиард теңгеден астам қаржының жұмысы жүргізілді. Оған үй аулалары қалпына келтіріліп, балалар алалңқайларының құрылысы жүргізілді, көшелер жарықтандырылды. Алдағы үш жылға бұл бағытқа тағы үш миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп отыр" деді өңір басшысы Бауыржан Әбдішев.

Оның айтуынша, аталған бағдарламаны жүзеге асыру арқылы шағын қалалардың экономикасы қайта жанданады. Шағын кәсіпорындар жұмыс істеп, жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Сондай-ақ, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым да дамитын болады.

Өңірде "Жасыл бағдарлама" аясында елдімекендерді көгалдандыру жұмысы да ойдағыдай жүзеге асырылуда. Мәселен, былтыр облыстың 130 гектар жеріне ағаш отырғызылған. 44 миллион теңгеге орманды алқаптарды суару жүйелері орнатылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!