Астанада еңбекақы төлемеген мыңнан астам заңды тұлға жауапкершілікке тартылды

Фотография - Астанада еңбекақы төлемеген мыңнан астам заңды тұлға жауапкершілікке тартылды

2012 жылы еңбек инспекциясы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау барысында 1219 кәсіпорынға тексеру жүргізіп, 1136 лауазымдық және заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

187 0

2012 жылы еңбек инспекциясы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау барысында 1219 кәсіпорынға тексеру жүргізіп, 1136 лауазымдық және заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен үшжақты комиссияның кезекті отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Еркін Рахымбергенов мәлім етті, деп хабарлады әкімдік сайты.

Сайттың жазуынша, заңға бағынбаған 20 кәсіпорынның басшысына әкімшілік айыппұл салынды, жалақыны уақтылы бермеген 8 басшыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осылайша, қабылданған шаралардың нәтижесінде 3500 жұмысшының жалақысы берілді.

Бұған қоса, отырыс барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева Ішкі саясат басқармасына адамдардың еңбек құқықтарын бұзу мәселелерімен айналысатын «жедел байланыс» желісін ашуды тапсырды.

2011 жылдың алты айында еңбек заңнамасының сақталуын бақылау барысында Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары 500 кәсіпорын мен ұйымға тексеру жүргізіп, 492 лауазымдық және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалақыны төлемеген кәсіпорындарды мемлекеттік еңбек инспекторларымен қатар, сот органдары да әкімшілік жауапкершілікке тартты.


Тегтер:

ақша

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!