Марченко жекеменшік зейнетақы қорларының қателіктерін атап берді

Фотография - Марченко жекеменшік зейнетақы қорларының қателіктерін атап берді

Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы жекеменшік зейнетақы қорлары өздерінің активтерін қажеттінше әртараптандыра алмағанын айтты

176 0

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында қазақстандық зейнетақы қорлары жіберген қателіктер жайында баяндап берді.

Журналистің Ресейдің зейнетақы жүйесін қайта құрылымдау мәселесі туралы "Ресей зейнеткерлерінің зейнетақысын қалай тиімді басқарған жөн", - деген сұрағына Марченко: "Елдер, актив класстары және валюта бойынша әртараптандырылған қор құру қажет",- деді.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы жекеменшік зейнетақы қорлары өздерінің активтерін қажеттінше әртараптандыра алмағанын айтты. «Қазіргі нормативтік актілерге сәйкес жекеменшік зейнетақы қорлары активтерінің кем дегенде 20 пайызын мемлекеттік құнды қағаздарға салуы тиіс. Ал  олар- 50,5 пайызын инвестициялады. Себебі, олар өздерін алдын-ала сақтандырып алуға тырысқан. Сондай-ақ, біздің нормативті актімізге сәйкес шетелдік компанияларға тиісті 40 пайызға жуық активтерін салмай, 9 пайызын ғана салған. Бұл дегенміз, еліміздегі жекеменшік зейнетақы қорлары өздерінің активтерін көбіне Қазақстан ішіндегі мемлекеттік құнды қағаздарға инвестициялайды деген сөз», - деді Марченко.

Сондай-ақ, Марченко бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құруға басты себептің бұл емес екенін айтты. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 1  шілдесінде тұрғындардың зейнетақы қорларын Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорына шоғырландыру қажет екені айтылды. БЖЗҚ ҚР Үкіметінің қарамағына беріліп, ал актверді басқару Ұлттық Банк мойнына жүктелетін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!