Батыс Қазақстанда жастар саясатын жүзеге асыруға 84 млн. теңге бөлінді

Фотография - Батыс Қазақстанда жастар саясатын жүзеге асыруға 84 млн. теңге бөлінді

Биыл Батыс Қазақстан облысында жастар саясатын жүзеге асыруға 84 млн. теңге бөлініп отыр.

189 0

Биыл Батыс Қазақстан облысында жастар саясатын жүзеге асыруға 84 млн. теңге бөлініп отыр.

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 48,1 млн. теңге облыстық, 35,9 млн. теңге аудандық және Орал қалалық бюджеттерінен қарастырылды. Барлық ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған шараларды өткізуге жергілікті қазынадан қаражат бөлу мәселесі толығымен шешілді.

2012 жылы бұл мақсатқа 76,2 млн. теңге жұмсалған болатын. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында маңызды жобаларды жүзеге асыруға 48 жастар ұйымы тартылды.

2013 жылы сондай-ақ облыс жастарының арасындағы ахуалды, олардың іс-шараларға көзқарас-ынтасын, өздерін толғандыратын өзекті мәселелерді зерделеу және оларды шешу жолдарын табу мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізілмек. Бұған облыстық бюджеттен 3 млн. теңге көлемінде қаражат берілді.

Жалпы, өңірде 14 пен 29 жас аралығында 169738 адам тұрады, бұл - халық санының 27,7 пайызы.

Облыста жастар мәселелерімен айналысатын 85 қоғамдық ұйым тіркелсе, соның 25-і аудандарда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!