Кофе бағасының төмендеуі экономикаға әсерін тигізуде

Фотография - Кофе бағасының төмендеуі экономикаға әсерін тигізуде

Колумбияда кофе бағасының түсуіне байланысты фермерлер екінші күн қатарымен ереуілге шықты.

303 0

Колумбияда кофе бағасының түсуіне байланысты фермерлер екінші күн қатарымен ереуілге шықты.

Мыңдаған кофе өсіретін фермер биліктен кофенің құнсыздануына субсидия талап етті. Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос ел экономикасы ауыр кезеңнен өтіп жатқанын айтып, наразы халықты шеруді тоқтатуға шақырды. Ал оппозиция өкілдері болса Үкімет басшысын қаржы дағдарысымен күресе алмағанын кінәлады. Әдеттегідей бұндай наразылық акция полициямен қақтығысқа ұласты. Айта кетейік, Колумбия кофе өндіруден әлемде төртінші орын алып отыр. Алдағы орында Бразилия, Вьетнам мен Индонезия тұр. Сондықтан адамға сергектік беретін бұл сусын түрінің бағасының түсуі ел экономикасына айтарлықтай зиянын тигізді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!