Kazakhmys 2012 жылы түсімін $3,353 млрд дейін 6%-ға азайтты

Фотография - Kazakhmys 2012 жылы түсімін $3,353 млрд дейін 6%-ға азайтты

Kazakhmys 2012 жылы түсімін $3,353 млрд дейін 6%-ға азайтты, деп хабарлайды копания.

214 0

Kazakhmys 2012 жылы түсімін $3,353 млрд дейін 6%-ға азайтты, деп хабарлайды копания.

 

Қазақмыс Тобы 2012 жылғы өндірістік қызметінің нәтижелері мен аудиттелмеген қаржылық нәтижелерін жариялап отыр. Бұл есепке акциялар пакетінің 26 пайызын Қазақмыс иеленіп отырған ENRCPLCкомпаниясынан келетін түсімдер қосылмаған. ENRCPLCүлесі қоса есептелген жиынтық есеп 2013 жылдың 26 наурызында жарияланатын болады.

 

«Қазақмыс Тобының есепті кезеңдегі сегменттік EBITDAкөрсеткіші 1,36 млрд.АҚШ долларын құрады. 2012 жылы табыстың кемуіне мыс бағамының 10 пайызға төмендегені, өткізу көлемдерінің кемуі мен компанияның өндіруге, еңбекақы төлеуге жұмсаған шығыстарының және көлік шығындарының артуы себепкер болды», - делінген хабарламада.

 

Мыс өндірісінің таза өзіндік құны фунтына 174 АҚШ центы деңгейіндегі жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес келіп отыр. Директорлар кеңесі акциясына 8 центтен келетін қорытынды  дивиденд төлеуді ұсынып отыр, бұл жалпы алғанда 42 млн.АҚШ долларын құрайтын болады. Дивиденд мөлшерінің қысқаруы табыстылық көрсеткішінің төмендегенін және ауқымды капитал салу кезеңіне аяқ басқандықты білдіреді. Бұл шешім компанияның дивидендтер төлеудегі икемді саясатына сәйкес келеді.

 

Қазақмыс Тобының тұрақты қаржылық жағдайы өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Мұндай жобаларға 4,2 млрд.АҚШ доллары мөлшерінде ұзақмерзімді қаржыландыру қамтамасыз етілген. Экспорталды қаржыландыру жөніндегі несиелік желі жаңартылып, 1 млрд.АҚШ доллары мөлшерінде бекітілді.

 

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 292 мың тонна меншікті концентраттан мыс өндіру жолымен, катодты мыс өндірісінің жалпы жылдық көлемі 294 мың тоннаны құрады. Концентраттағы мырыш өндірісі 152 мың тоннаға жетті, алтын өндірісінің жалпы көлемі  - 129 мың унция болды. Сондай-ақ, 12,6 млн. унция күміс өндіріліп шығарылды. Екібастұздың ГРЭС-1 станциясында электр энергиясының таза өндірілімі 13 пайызға өсті. 2012 жылдың төртінші тоқсанында алтыншы энергоблокты іске қосу жұмыстары аяқталып, электр станциясының қуаттылығы 20 пайызға артты, яғни 3 000 МВт-қа дейін жетті.

 

2012 жылы өндірісті ұлғайтуға бағытталған жобалардыжүзеге асыру ісінде біршама жетістіктерге қол жеткізілді. Бозшакөл кен орны жөніндегі жоба игеру кезеңіне көшті. Жыл ішінде даярлау жұмыстарының, соның ішінде инфрақұрылымды дамыту жұмыстарының қомақты бөлігі жүзеге асырылды. 2013 жылы өңдеу жұмыстарына арналған негізгі жабдықтарды жеткізу әрі орнату жоспарланып отыр. Бозшакөл жобасы жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Ол бойынша алғашқы концентрат 2015 жылы өндіріліп шығарылады, ал бюджеті 1,9 млрд. АҚШ долларын құрайды. 

 

Ақтоғай жобасы бойынша ТЭН 2012 жылдың желтоқсан айында бекітілген болатын. Жоба бойынша алғашқы жұмыстар 2013 жылдың басында басталды, ал алғашқы өнім 2015 жылы шығарылатын болады. 2013 жылы Қырғызстандағы Бозымчак алтын-мыс кен орнындағы кеніш құрылысы аяқталып, кен байыту фабрикасы мен тиісті инфрақұрылым пайдалануға берілед деп күтілуде. 

 

Қолданыстағы кәсіпорындардың жанындағы орта және шағын жобалар бойынша жұмыс жалғасуда. Бұл жобалар Ақбастау және Құсмұрын, Жомарт (екінші кезегі) пен Оңтүстік Шығыс Нұрқазған кеніштерін қамтып отыр. Олардың әлеуеттері зор әрі игеру қарқыны ішінара қаржыландырудың тұрақтылығына байланысты болады. 2013 жылы Kazakhmys Mining бөлімшелерінің өндірісін қолдауға жұмсалатын капиталдық шығындар 2012 жылғы 624 млн. АҚШ долларынан 450-550 млн.АҚШ долларына дейін қысқарады.

 

Компаниядағы кәсіпорындардың энергия тұтыну көрсеткішін төмендетуге бағытталған жұмыс белсенді жүргізілуде.Топтың 2012 жылы электр энергиясын тұтыну көрсеткіші 6 255 Гвтсағ құрады, ол алдыңғы жылдағы көрсеткіштен 8 пайызға төмен. Mining бөлімшесінің энергия тұтыну көрсеткіші 12 пайызға кеміп, 2011 жылдағы 5 218 ГВтсағ-пен салыстырғанда, 4 580 ГВтсағ құрады.

 

2013 жылы Қазақмыс Тобының басшылығы стратегиялық басқарудың басты қағидаттарына ерекше көңіл бөледі.Еңбек пен денсаулықты қорғауды басқару жүйелерін одан әрі кемелдендіріп дамыту, өндіріс тиімділігін арттыру және өндірісті ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асыру ісі жалғасын табады. 

 


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!