Ресей мен Беларусь өндірушілері Қазақстанның тоқыма нарығына дендеп келеді

Фотография - Ресей мен Беларусь өндірушілері Қазақстанның тоқыма нарығына дендеп келеді

Қазақстанның тоқыма өнімдері нарығы 2 млрд. АҚШ долларына бағаланады. Алайда онда отандық өндірушілердің үлесі өте төмен

1270 0

Кеден одағы Қазақстанның тоқыма нарығына өз ықпалын тигізуде.

Бұл туралы кеше Алматыда үй тоқымасына арналған ІІ Халықаралық конферецияда айтылды.

«Қазақстанның тоқыма өнімдері нарығы 2 млрд. АҚШ долларына бағаланады. Алайда онда отандық өндірушілердің үлесі өте төмен. Нарықты Түркия, Қытай, Ресей, Беларусь, Қырғызстан сияқты елдердің өнімдері  жаулап алған», - дейді  «Flax Textiles Алматы» ЖШС-нің директоры Инеш Ибраева.

Оның айтуынша, Кеден одағы құрылғаннан кейін нарықта Ресей мен Беларусь өндірушілерінің үлесі арта түсті. Ал таяу жылдары олар нарықтағы ахуалды түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Мамандардың сөзіне қарағанда, Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп бұйымдарына деген жылдық жалпы сұранысы 5-6 млрд. долларды құрайды. Отандық тоқыма және тігін өнеркәсібі оның 8 пайызын ғана қамтамасыз ете алады. Әлемнің өзге елдерінде бұл саланың халықты жұмыспен қамту мен  бюджетке түсімдеріндегі үлесі өте зор. Сондықтан да өз нарығын қорғап, өндірушілерінің экспорттық операцияларына мемлекеттік қолдау көрсетеді. Мәселен, Түркияда бұл сала  жалпы ішкі өнімнің 10 пайызын құрап, бюджеттік түсімнің 40 пайызын қамтамасыз етеді. Қазақстан өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп  саласының үлесі 1990 жылы  15,8 пайыз болса, 2000 жылы 2,3 пайызды құрады. Ал 2011 жылы 0,1 пайызға дейін төмендеді. Сондықтан нарықтағы ахуалды оңалту үшін контрафактылы өнімдерді азайту қажет. Сондай-ақ кәсіпорындардың қаржылық сауығуына мүмкіндік беріп, олардың техникалық қайта жарақтануына жағдай тудыру керек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!