Қазақстанда дизельдік отын құны 102 теңгеге көтерілмек

Фотография - Қазақстанда дизельдік отын құны 102 теңгеге көтерілмек

Қазақстанда дизельдік отын құны 102 теңгеге көтерілуі мүмкін.

316 0

Қазақстанда дизельдік отын құны 102 теңгеге көтерілуі мүмкін. Мұндай мәлімдемені Астанада өткен брифинг барысында ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Анатолий Шкарупа айтты.

«Нарықтық болжам бойынша дизельдік отынға қатысты жағдай күрделеніп келеді. Сіздер білесіздер Кедендік одақ аясында бізде Ресеймен шекарамыз ашық болуына байланысты ол жақтағы дизельдік отын бағасының маусымаралық құнының көрсеткіші 141 теңгені құрап отыр. Осы мәселеге орай, Мұнай және газ министрлігі дизельдік отынның Ресейге тасымалдануына үлкен алаңдаушылық білдірген болатын. Осыған байланысты біз мұнай өнімінің бөлшек саудадағы бағасын қайта қарастырып, 1 наурыздан бастап дизельдік отын құнын кезең-кезеңмен өсіруді жоспарлаудамыз. Яғни, қосымша құн салығымен қоса есептегенде жаздық және маусымаралық  дизельдік отын бағасы 102 теңгеден саудаланатын болды» дейді А. Шкарупа. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!