Мақта өсіру шаруашылығын қолдауға несие түрінде 1 млрд теңге бөлінеді

Фотография - Мақта өсіру шаруашылығын қолдауға несие түрінде 1 млрд теңге бөлінеді

Қазақстандық мақташыларды қолдауға 1 млрд. теңге бөлінеді.

224 0

Ағымдағы жылы мақта өсіру бойынша Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы көктемгі дала жұмыстарына 1 млрд. теңге бөлінеді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстандық мақташыларды қолдауға 1 млрд. теңге бөлінеді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қаражат «ҚазАгро» Ұлттық холдингі құрылымындағы компанияның Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы түседі», - деп хабарланған холдинг мәлімдемесінде.

Аталған қаражат мақта өсіру бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін микроқаржы ұйымдары арқылы несиелендіру іске қосылады.

Мәлімдемеде айтылғандай, 2012 жылы мұндай жұмыс несиелеу желісін ашу бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мен келісім-шарт жасасқан «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы жүргізілген. Жалпы алғанда қор 349,3 млн. теңге көлемінде сегіз транш аударған болатын. Бұл қаржыға «Ырыс» ШНҰ 617 түпкі қарыз алушы шағын несие алып, кесте бойынша қарыз толығымен қайтарылды.

Шағын несиелер түпкі қарыз алушыларға жанар-жағар май, дән, пестицид, минералды тыңайтқыш, шаруашылық материалдар мен құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылық техникасының қосалқы бөлшектері мен толымдаушылар, жұмыс механизмдерін сатып алуға, техника, қоймаларды жалға алу, қызметтерге төлеу, өнімді сақтау үшін, т.б. мақсаттарға беріледі.

Айта кету керек, қарыз алушыларға келесі талаптар қойылады: төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша, екінші деңгейлі банктер мен басқа да қаржы институттары алдындағы мерзімі өткен борышкерлігінің болмауы, жағымды несиелік тарихы, т.б. Кепілдеме шағын несиенің 100 пайызын қамтуы тиіс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!