Доллардың ешқандай құны қалмады

Фотография - Доллардың ешқандай құны қалмады

Есімі елге белгілі саудиялық бизнесмен әрі Жидданың сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Салех Камел әлемнің қаржы-несие жүйесін сынға алды

216 0

Есімі елге белгілі саудиялық бизнесмен әрі Жидданың сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Салех Камел әлемнің қаржы-несие жүйесін сынға алды. Бұл жайында Ahram басылымы хабар таратты.

Кемалдың сөзіне қарағанда, валютаның алтын мен күміске байланысы үзілген сәттен бастап бұл жүйе қабілетсіз күйге ұшыраған. Оның айтуынша, доллардың ешқандай құны қалмады. Долларсыз күніміз қараң, доллар бағамының құлдырауынан қорқып, өмір сүреміз. Алтын мен күміске «қосақтамаса» валюта тек АҚШ-тың қуатын ғана танытатын жай қағаз болып қалады.

muslim.kz сайтының жазуынша, сонымен қатар, ол Дүниежүзілік банкті де сын садағына алды. Оның пікірі бойынша, аталмыш банк арабтардың және Африканың дамушы елдеріне өз дегенін істетіп, бір шыбықпен жусатып-өргізіп отыр. Ал қарызы бастан асып жатқан, экономикасы «ауру» АҚШ пен Еуропа елдеріне көзін жұмып қарайды.

Сарапшы мұнымен ғана тоқтамай, Парсы шығанағы елдерінің орталық банкін құру идеясын да құптамады. Оның өз бетінше шешім қабылдап, дербес жұмыс істейтініне күмән келтірді. «Ортақ банк ары кеткенде үйлестіру қызметімен ғана айналысады»,- деп санайды. Бұған қоса, еуроға қатысты көзқарасын білдіре келе «тек жарым-жартылай сәтті жүзеге асқан жоба», деп бір-ақ кесті. Қазіргі араб елдері экономикасының еуропалық экономикадан бәлендей айырмашылығы жоқ екенін де тілге тиек етті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!