АҚШ бюджеті 85 миллиард долларға қысқарды

Фотография - АҚШ бюджеті 85 миллиард долларға қысқарды

Кемалдың сөзіне қарағанда, валютаның алтын мен күміске байланысы үзілген сәттен бастап бұл жүйе қабілетсіз күйге ұшыраған

144 0

АҚШ президенті Барак Обама бюджеттің шығыс бөлігін 85 миллиард долларға қысқарту туралы жарлыққа қол қойды.


Енді 1 қазанға дейінгі бюджеттің шығыс бөлігінде әскери мақсаттарға арналған қаржы 46 миллиард долларға азаяды. Сонымен бірге, денсаулық сақтау және өзге де азаматтық салаларға арналған ақшамен бірге елде 750 мыңға жуық жұмыс орнының қысқартылатыны туралы айтылды.


Бұл қысқарту «бүкіл экономикаға ауыр соққы болып тиетінін» атап өткен президент Обама бюджет мәселесіне қатысты өзінің бастамасына тосқауыл қойған республикалық партия өкілдерін сынға алды.


Бұған дейін АҚШ конгресіндегі демократиялық партия мен республикалық партия өкілдері бюджетті қысқартуға қатысты даулы мәселеде өзара мәмілеге келе алмаған еді. Обаманы қолдайтын демократтар дәулеті 1 миллион доллардан асатын адамдарға табыс салығын ұлғайтуды ұсынды, ал бұған қарсылық білдірген республикашылдар әлеуметтік салаларға шығындарды азайтқан дұрыс деп санайды.


Бюджетті қысқарту мемлекеттік қарызға байланысты мәжбүрлі қадам болып отыр. Қазіргі кезде АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 11.7 триллион долларды құрайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!