Қазақстан жол сапасы бойынша әлемде 117 орында

Фотография - Қазақстан жол сапасы бойынша әлемде 117 орында

Дерек Халықаралық экономикалық форумда жария етілді.

125 0

Қазақстан жол сапасы бойынша әлемде 117 орында. Сарапшылар қазақ жеріндегі жол сапасын шекті 7 баллдан 2,7-ге бағалаған. Дерек Халықаралық экономикалық форумда жария етілді.

Ресей 136-шы орыннан көрініп, жолы ойқы-шойқы 10 елдің қатарына еніп отыр. ТМД-да осы ондықта 2,5 баллмен Қырғызстан, 2 баллмен Молдова елдері бар.

Ал, жолдары тақтайдай тегіс мемлекет ретінде 6,5 баллмен Франция бірінші орында. Екінші және үшінші орындарға Біріккен Араб Әмірліктері мен Сингапур орнықты. Сараптауға барлығы 144 ел қатысқан. Бұл бағалау рейтингінде қазақ даласындағы теміржолдың сапасына қатысты жағымды пікірлер де жарияланды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!